Атырауда Тұңғыш Президент күні жас сарбаздар ант берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Тұңғыш Президент күні жас сарбаздар әскери антберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсімге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров, қолбасшы орынбасарлары, бөлім командирлері мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар қонақтарға қоян- қолтық ұрыс пен саптық даярлық элементін көрсетті.


«Тұңғыш Президент күні ант қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілікті жүктейді. Біз Отанымыздың игілігі үшін әскери борышымызды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын», - деді қатардағы жауынгер Айбар Омар.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл карантин шектеуіне байланысты ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың т уыстары қатыса алмады. Алайда ата-аналары мен туыстары жолдаған хаттарды командирлер оқып берді.


Енді жас сарбаздар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы аясынла жауынгерлік дайындықты бастайды. Алты ай ішінде олар артиллерияшы, танкист, барлаушы, атқыш мамандығын меңгереді.


Соңғы жаңалықтар