Атырауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильм көрсетілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Ұлт лидері» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шарада алдымен «Ұлт лидері» атты арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді. Одан кейін сөз алған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов баяндама жасады.

«Тəуелсіздік» жəне «Нұрсұлтан Назарбаев» ажырамас ұғымдар деген пікірді жиі естиміз. Оған толықтай негіз де бар. Өйткені, Елбасы – мемлекеттігімізді қалыптастырған тарихи тұлға. Тəуелсіздік жылдары барлық салада теңдесі жоқ ауқымды жобалар іске асырылды. Елбасы идеясынан бастау алған іргелі жобалардың барлығы тікелей өзінің бақылауымен, басшылығымен жүзеге асырылды. Қазақстанның дамуы мен Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың саяси тұлғасына халқымыз ғана емес, əлем қайраткерлері де оң бағасын беріп келеді», - деді облыс əкімі.

Бұдан соң бір топ азамат «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен, облыс əкімінің Алғыс хатына ие болды. Ал «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржан, облыстық мəслихаттың депутаты, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегенов, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС бас директоры Ибрагим Ақдрашев, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Əлібек Семғалиев «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тəжірибелік конференция өткен еді.



Соңғы жаңалықтар