Атырауда тұмау вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тұмауға қарсы вакцинаның 65 мың дозасы сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 70 869 адам тұмауға қарсы екпе алған.

«Оның ішінде 60 000 адам тегін, 536 адам ақылы түрде вакцина салдырды. Ал, жұмыс берушінің қаражаты есебінен 10 333 адамға вакцина салынған еді. Енді биыл жергілікті бюджет қаражатына Ресейде шығарылған тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды. Вакцинаны ақысыз негізде 6 айдан асқан балалар, жиі ауыратын медицина қызметкерлері алады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде оқитын оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін алушылар, жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы ауруы бар адамдар үшін тегін болады. Вакцинаны күзде алған дұрыс. Өйткені, тұмаудың күшеюі әдетте, желтоқсан мен наурыз аралығында тіркеледі. Иммунитет вакцинациядан кейін 14 күн ішінде қалыптасады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға Ресейден коронавирус жұқтырған 52 қазақстандық келгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар