USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

2021 жылғы 30 қараша 03:09
Бөлісіңіз:
Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құрамында есірткі заты бар Трамадол дәрілік препаратының 100 данасын заңсыз сатқан 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлікпен қаза тапқан тараздық полицейдің отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді Семейде бүлікшілердің полицейлерге жасаған шабуылының видеосы жарияланды Жаппай тәртіпсіздік: Алматыда 170 велосипед ұрланды

Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 29 қарашада «Дәрмек» іс-шарасы кезінде дәріні заңсыз сатқан тұрғын анықталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Алтай көшесінде 1977 жылы туған азаматшаны ұстады. Оның 100 дана Трамадол мен 63 дана Трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргені белгілі болды.

Қазір ұсталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) толтырылған іс-құжаттары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғыны 1 келіге жуық есірткімен ұсталғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT