Атырауда төрт шағын аудан сусыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда төрт шағын аудан сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қарашаға қараған түні Береке шағын ауданында, Контейнер көшесінің жағасындағы D630 су құбырында апат болды. Қазір «Атырау су арнасы» МКК жұмысшылары апат салдарын жойып жатыр. Олар құбырды жөндеп біткенше Ақжар, Ақсай, Жұлдыз, Көктем шағын аудандарында суық су болмайды», - деп мәлімдеді «Атырау су арнасының» баспасөз қызметі.

Кәсіпорын уақытша қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар