Атырауда төрт күнде 300-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 4 күннің ішінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті 20-23 мамыр аралығында «Есеп» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізген. Іс-шараның мақсаты –ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын-алу.

«Полиция қызметкерлері есепте тұрғандар азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Аталған іс-шара кезінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылардың арасында 30- ға жуығы отбасының тыныштығын бұзғандар. Ал, 38-і ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрсе, 20-дан астам азамат ұсақ бұзақылық жасаған» -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар