+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Атырауда теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды

2020 жылғы 28 наурыз 22:19
Бөлісіңіз:
Атырауда теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда төтенше жағдайға байланысты теміржол вокзалына кіруге қатаң шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Енді теміржол вокзалына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Атырауға өзге бағыттан келген жолаушылар вокзал ғимараты арқылы шығады.

Бұдан бөлек, «Нұр-Сұлтан-Атырау», «Алматы-Атырау» бағытына қатынауға шектеу қойылды.

Мәлім болғандай, Нұр-Сұлтан бағытындағы Бурабай курорты станциясы мен Шу станциясынан Атырауға қатынайтын рейс тоқтатылмайды. Шектеу қойылмаған рейс қатарында «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» бағыты да бар.

«Қазір теміржол вокзалында әр үш сағат сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар, енді пойыздардың барлығы бірінші жолдан жүреді. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылып отыр», - деді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына қатынайтын пойыздарға алынған билеттерді тапсыру кезінде теміржол вокзалында халық көп шоғырланған. Олардың барлығына ақшалары толық қайтарылған.

Қазір билет тапсыратын адамдар азайған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT