Атырауда Telegram арқылы жедел жәрдем шақыруға болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жедел жәрдем қызметінің Telegram боты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңа қосымша арқылы жедел жәрдем бригадасын шақыруға болады.

«Тұрғындар 103 телефон желісі арқылы медициналық жедел жәрдем қызметіне жиі жүгінеді. Енді жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін Telegram қосымшасын жүктеп, арнайы сілтемеге өту қажет. Мұнда «старт» батырмасына басып, бірнеше дерек толтырылады. Оның ішінде науқастың аты-жөні, ЖСН, ауру белгісі, мекен-жайы, коронавирусқа қатысты мәртебесі мен телефон нөмірі көрсетіледі. Осындай деректерді толтырғаннан кейін «растау» батырмасын басып, кезекші топты күту керек», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар