Атырауда тегін берілетін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тегін берілетін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері мемлекеттен тегін 48 дерт бойынша 280 түрлі дәрі-дәрмек берілетінін ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аурухана, емхана ғимараттарының бірінші қабатына ілу, ресми сайтты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялау үшін бір типтік үлгідегі ақпараттандыру қағазын ұсынды. Осы мақсатта биылғы 17 мамырда денсаулық сақтау мекемелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Атырау облысы бойынша департаментінің хаты жолданған.

«Алайда, 15 маусымға дейін тұрғындарды ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметте ашықтықтың сайттар арқылы, кейбір емдеу мекемелеріне барып, басқарманың берген мәліметтеріне сүйеніп жасалған мониторингтен байқалды. Махамбет, Индер аудандарында жасалып жатқан жұмыс жоқтың қасы. Құрманғазы, Мақат ауданындарында өз парақшаларына жариялағанымен, сурет немесе тұрғындарға ыңғайлы ақпараттандыру инфографикасы салынбаған. Ал Атырау қалалық №3 емханада бұрынғы тізім жаңартылмаған. Еркінқала амбулаторлық емханасының 3 сайтында да тегін дәрі-дәрмектер жайында ақпараттандыру салынбаған. Қызылқоға ауданының медициналық мекемелері тек өз сайтына салған, әлуметтік желілерге жарияламаған. Көптеген емханада тек сайттар мен әлеуметтік желілерге ақпараттандыру жүргізгенімен, ғимараттың бірінші қабатына ілінбеген» -деп хабарлады жобалық кеңседен.


Соңғы жаңалықтар