Атырауда су айдындарынан 5 мың торлы ау шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері су айдындарынан 40 млн теңгенің 5мың торлы ауы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда балық шаруашылығы саласының мамандарымен кездескен Экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті төрағасының

орынбасары Аян Бахияновтың айтуынша, су айдындарында торлы ауды қолдануға салынған тыйымды өзгертуге еш негіз жоқ.

«Су маржандарының қоры жыл сайын азайып барады. Балық қорын болашақ ұрпаққа

сақтап қалу үшін осындай мораторий енгізуге мәжбүрміз. Алайда, мәселенің мән-жайын

түсінбейтіндер бар. Мәселен, Атырауда балық шаруашылығы қауымдастығы мұндай

тыйымның тиімсіз екенін алға тартып отыр. Себебі, балық аулаудың басқа құралдарын

алуға уақыт керек дейді. Екіншіден, тордан басқа құралмен аулауды білетін балықшы

тапшы екенін айтады, - деді Аян Бахиянов.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының

айтуынша, қазір балықтардың популяциясы жойылудың алдында тұр.

«Егер торлы ауды пайдалануды доғармасақ, бағалы бекірені айтпағанда, қара балықтан да

айырылып қалуымыз мүмкін. Ал, бекіренің жағдайы тіптен қиын. Атырауда жыл сайын 7

миллион бекіре шабағы өзінің табиғи ортасына жіберіледі. Шабақтың көбі торға шырмалып, теңізге жетпей, өліп қалады. Осыдан кейін балық шаруашылығын қалай дамытамыз? Балық жүретін жолды торлап тастасақ, қалай өсіп-өнеді? Сондықтан, мұндай мораторий дер кезінде енгізіліп отыр», -дейді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Ал, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының

басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің дерегінше, Каспий теңізі мен Жайық өзенін торлы аудан тазалауда қиындық кездесіп отыр.

«Біздің инспекция мамандары демалысты әбден ұмытты. Торлы ауды құрған адам балығын алып, бой тасалайды. Ал, торлы ауды жинап жатқан ешкім жоқ. Егер торға шырмалған балықты дер кезінде шығарып алмаса, келесі күнге жетпей өледі. Қолында балық аулауға рұқсат қағазы бар адамға тыйым сала алмаймыз. Тіпті, өздері құрған торды «менікі емес» деп мойындамайтындары қаншама? Жыл басынан бері заңсыз құрылған 5 мыңнан астам тор тәркіленді. Солардың жалпы құны 40 млн теңгеден асады», - дейді ол.

Қытай мен Ресейде жасалатын балық аулау құралдары шекарадан құрылыс материалдары

ретінде өтіп жатыр. Осы олқылықтың алдын алу үшін кеденшілерге толыққанды тексеріс

енгізу жөнінде ұсыныс-хат та жолданған.

«Бүгінде балық өсіруші кәсіпкерге, не шаруашылық құрылымына шығынның өтемі ретінде 30 пайызға дейін субсидия бөлінуде. Бұрын бұл тізімде бекіре, ​ албырт балықтары ғана болса, қазір оның қатары араван, цихлид, лат, шаян тәрізділермен толыққан. Мемлекет балық шабақтарын емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға, аталық, аналық балықтарды күтіп-ұстауға кеткен шығынды 50 пайызға дейін субсидиялайды. Тиісті құжаттарын тапсырған шаруашылық субектісінің өтініші бес жұмыс күні ішінде қаралады»,- дейді балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау

шығарылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар