Атырауда соңғы екі жылда экологияны ластаушылардан 5 млрд теңге өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда соңғы екі жылда экологияны ластаушылардан 5 млрд 169 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, былтыр табиғат пайдаланушылардың қызметіне 83 тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама талабы 244 рет бұзылғаны анықталған.

«Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 95 әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік істі қарау қорытындысымен жалпы құны 96 млн 017 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сондай-ақ, экологиялық заңнаманың бұзылуын жою туралы жалпы құны 1 млрд 184 млн 995 мың 111 теңгенің 64 нұсқама берілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру туралы 17 талап-арыз ұсынылған.

Сот шешімімен заңнама талаптарын бұзуға жол берген табиғат пайдаланушылардың қызметі тоқтатылған.

«Департамент қызметкерлері 2019-2020 жылдары мемлекет кірісіне жалпы соммасы 5 миллиард 169 миллион 636 мың теңге өндіріп алды» -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 млн-нан астам теңге өндірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар