Атырауда скейт-парк қалпына келтірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында скейт-парк қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде былтыр кәсіпкердің жеке қаржысына салынған скейт-парктің бүлінгені туралы видео жарияланған еді.

«Атырау қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрғын үй қалашығындағы скейт-парк қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарына спорт қауымдастықтарының өкілдері мен белсенді тұрғындар қатарынан 30-ға жуық адам қатысты. Сенбілікке жиналған азаматтар алдымен скейт-парк аумағын, оның маңындағы алаңқайды тұрмыстық қалдықтар мен арам шөптен тазартты. Сондай-ақ, скейт-парк алаңында монтаждау-жөндеу, сырлау жұмыстары жүргізілді» - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Енді Атырау қалалық әкімдігі тұрғындардың өтінішін ескеріп, алдағы уақытта скейт-паркті күтіп ұстауды ұйымдастыру жолын қарастыруда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жастар саябағы ашылған еді.



Соңғы жаңалықтар