Атырауда шырша сатып алуға қаржы бөлінбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда үш жыл қатарынан орталық алаң 2017 жылдың соңында сатып алынған шыршамен безендірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылы Атырауда жаңа жылды атап өту үшін 6 жер анықталды: Исатай-Махамбет және Д. Нұрпейісова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшам ауданында, М. Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының және Құрманғазы мәдениет сарайының алдында орнатылатын болады. «Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді», - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңа жылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Үшінші рет, 2017 жылдың соңында алынған жаңа жылдық шырша орталық алаңға орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді. Мерекенің басталуы кешкі сағат 20.00-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар