Атырауда шетелдіктерге күш көрсеткен полицейлер тергеліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелдіктерге күш көрсеткен полицейлер тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, көші-қон бөлімінің қызметкерлері бизнес субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізген.

«Полиция қызметкерлері «Дина» сауда базарынан Өзбекстанның бірнеше азаматын күштеп алып кеткен. Шетелдіктер Атырау қаласының прокуратурасына шағыммен жүгінді. Қазір қызмет бабын асыра пайдаланған екі полиция қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шетелдіктерді елге заңсыз кіргізгендер тергеліп жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар