+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды

2021 жылғы 21 қаңтар 21:08
Бөлісіңіз:
Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» пультіне Вокзал маңы-5 шағын ауданындағы шағын несие беретін кеңсе тоналған.

«Медициналық маска киген ер адам касса қызметкерін пышақпен қорқытқан. Сөйтіп, касадағы ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция күдіктіні 10 сағаттан соң ұстады. Күдікті бұрын сотталған, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде күдіктінің іс-қимыл жоспарын алдын-ала ойластырғаны анықталды. Нысанның бейнебақылау жүйесі мен күзетшісі жоғын білген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT