Атырауда Saz Perneli Sarayshyk фестиваль-байқауы басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгін шымылдығын ашқан кең ауқымды шараға 12-ден астам өзге ұлт өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік фестивальден өзге Сұлтан Бейбарыс алаңында көрермендер мен фестиваль қонақтары үшін Семей, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарының және жергілікті тарихи мұражайлардың қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда көрермендер қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерін, домбыралардың түрлерін, сондай-ақ ұлттық әйелдер киімін және XIX және XX ғасырдың басындағы әйелдер киімдерінің үлгілерін көре алады.

Өз сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ халқының мәдениеті мен тарихында домбыраның маңызы зор екенін атап өтті.

«Домбыра - қазақ халқының жүрегі, өмірі, өткені мен бүгіні. Музыка ата-бабаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болды. Домбыра түркі халықтарының әлемге сыйға тартқан ең ірі өнертабыстарының бірі деп танылып, қазақ халқының ұлттық символына айналды, оның арман-мақсаттары мен даналығын бойына сіңірді. Бұл фестиваль жасөспірімдердің домбыра мен ұлттық өнерді үйренуге қызығушылығын арттырады деп сенемін», - деді Нұрлан Ноғаев.

null

Гала-концертте көрермендерге театрландырылған қойылымдар, домбырашылардың халық шығармашылығымен жарқын көріністері ұсынылды, сондай-ақ ұлттық киімдер көрсетілді.

Айта кетейік, мұнайлы өлкеде фестиваль-байқау 26-28 сәуір аралығында өтеді.

null null

Соңғы жаңалықтар