Атырауда саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин шаралары 17 тамызға дейін созылып, саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысында

«Саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және тұрғындардың басқада демалыс орындарына баруына тыйым салынсын» -делінген.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, 3 адамнан артық топтасып жүруге, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар