Атырауда саябақтар мен алаңға баруға тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында саябақтар мен алаңға баруға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысында айтылған.

«Атырау қаласында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанғанға дейін карантииндік шектеу іс-шарасы сақталады. Исатай-Махамбет орталық алаңына, «Жеңіс» және Ретро-саябаққа баруға, бұқаралық, спорттық, отбасылық, соның ішінде еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын. Театрлар мен кинотеатрлар, көрмелер, ойын және түнгі клубтарының жұмысына тиым салынады», делінген құжатта.


Соңғы жаңалықтар