Атырауда полицияның фронт-кеңселеріне 3 мың адам келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында полицияның фронт-кеңселеріне 3 мыңға жуық адам қабылдауға келді, хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы өңірде Ішкі істер министрлігі белгілеген стандарттар бойынша фронт-кеңселер ашылды. Оның 3-еуі облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан. Полицияның фронт-кеңселеріне осы кезге дейін әртүрлі мәселемен 3 мыңға жуық азамат жүгінді. Сондай-ақ, департамент бастығының орынбасарлары ай сайын фронт-кеңселерде азаматтарды жеке қабылдайды.

«Полиция қызметкерлері тек кеңес берумен шектелмейді. Сонымен бірге, мұнда әртүрлі құқықтық және құқық бұзушылық мәселелер талқыланады. Тұрғындарды толғандырған түйіткілдерді оңтайлы шешуге қажетті шаралар қабылданады», - дейді Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.


Соңғы жаңалықтар