Атырауда пара алған полицей шенінен айырылып, қызметінен қуылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция подполковнигі шенінен айрылып, мемқызметтен қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, №2 Атырау қалалық сотында облыстық полиция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралған.

«Полиция подполковнигі аңшылық қаруды сақтауға, ұстап жүруге рұқсат қағазын тез рәсімдеу үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған. Сот полиция қызметкерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, параның 20 еселенген мөлшерінде (600 мың теңге) айыппұл салуға шешім шығарды. Сотталушы подполковник шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар