Атырауда өртенген үйден 5 бала құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт 30 қазанда сағат 14:32-де Атырау қаласының А.Құнанбаев көшесіндегі үйде болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнынан келгенде өрт бесінші қабаттан шыққаны анықталды. Пәтердің кіреберісінде тоңазытқыш пен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндірушілердің күшімен жоғары қабаттан 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Тағы 5 адам далаға өз бетімен шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 14:46-да оқшауланып, сағат 14:51-де толықтай сөндірілді.


Соңғы жаңалықтар