Атырауда өртенген пәтерден 57 жастағы мүгедек азамат құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы тұрғын үйде болған өрттен мүгедек азамат құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 4 шілдеде Балықшы мөлтекауданында болған.

«Диспетчерлік қызмет пультіне сағат 16:08-де Балықшы мөлтекауданындағы №2 үйде пәтер балконы жанып жатқаны туралы хабар түсті. Пәтердің 20 шаршы метрлік балконы мен жатын бөлмесін шарпыған өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 16:20-да ауыздықталып, 16:28-де толық сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде 1963 жылы туған мүгедек ер адам құтқарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенген еді.


Соңғы жаңалықтар