+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Атырауда оқушылар қашықтан оқып жатса да, ата-аналардан ақша жиналған

2020 жылғы 1 маусым 21:24
Бөлісіңіз:
Атырауда оқушылар қашықтан оқып жатса да, ата-аналардан ақша жиналған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ата-аналардан ақша жинау фактілері азаяр емес. Бұл мәселе «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен өткен онлайн-конференцияда талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-конференцияға облыстағы барлық мектептің директорлары мен ата-аналар комитетінің 92 мүшесі қатысқан.

«Өткен жылы 1 мыңға жуық ата-ана мен мұғалімдер арасында аноним сауалнама жүргіздік. Соның нәтижесінде мектептерде ақшаның 65% ата-аналардың бастамасымен жиналатынын білдік. Ал, 35% мұғалімдердің ұсынысымен жиналады екен. Жиналған ақшаның 30% - мұғалімдерге сыйлық алуға, 38% - мектепке қажетті материалға, 32% - оқушыларға арналған түрлі мерекелік шараларды өткізуге жұмсалады. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 4 рет түсіндіру жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде ата-аналарға ақшасын қайтарып бердік. Тіпті биыл оқушылар қашықтан оқып жатса да, ата-аналар ақша жинауға байланысты хабарласып жатыр», - дейді «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлфия Әдиева.

Оның айтуынша, былтыр ата-аналардан 32 қоңырау түскен. Ал, биыл ата-аналар 14 мәрте хабарласқан.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың мәлім етуінше, ата-аналардың арасында әңгіме де, наразылық та бар. Алайда, соңғы үш жылда білім басқармасына арыз түспеген.

«Мектеп түлектерінің кешін өткізуге тыйым салынды. Соған орай мұғалімдер арнайы бұйрықпен танысқаны және оны орындауға міндетті екені туралы қол қойған», -дейді Ақкенже Исанбергенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT