Атырауда оқушылар арасындағы оқыс оқиғаға қатысты түсінік берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда оқушылар арасында оқыс оқиға орын жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде атыраулық оқушының трактордан құлағаны тараған еді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаның қашықтан оқытудағы интернет желісіне еш қатысы жоқтығын мәлім етті.

«27 қыркүйекте Қызылқоға ауданының Жантерек елді мекеніндегі штаттық режимде жұмыс істейтін №75 бастауыш мектептің 3 сынып оқушысы қырдағы атасының үйіне барғаны анықталды. Оқушы трактордан құлап, қолын ауыртып алған. Анасы оны Атырау қаласына әкеліп, қолына гипс салдырған. Қазір мектептегі сабағына қатысып жүр.

Сондай-ақ, Атырау қаласының маңындағы Тасқала елдімекенінде орналасқан №32 орта мектебінің 9 сынып оқушысы 1 қазанда үйінің шатырынан құлап қолын сындырып алған. Ол ата-анасына көмектесу үшін жаңадан салынып жатқан үйдің шатырына шыққан. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Сабақты қашықтан оқиды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 22 мыңнан астам компьютерлік техника таратылған болатын.




Соңғы жаңалықтар