+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда науқастарға баллон тасыған спортшылар ауруханадағы жұмысын аяқтады

2020 жылғы 6 тамыз 10:52
Бөлісіңіз:
Атырауда науқастарға баллон тасыған спортшылар ауруханадағы жұмысын аяқтады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір айға жуық тынысы тарылған науқастарға оттегі баллондарын тасып, көмек көрсеткен спортшылар ауруханадағы жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цойдың ДДСҰ комитетіндегі төрағалығы Қазақстанға қандай нәтиже береді Қазақстанда қанша бала Кавасаки синдромына шалдықты Қазақстанда кезекші сыныптарда коронавирус жұқтыру жағдайлары болды ма

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті спортшылар облыстық ауруханаға шілденің басында көмекке келген. Кейін аудандық ауруханалардағы ақ халатты абзал жандарға қол ұшын беріп, «лас аймақта» да жұмыстар атқарған.

«Біз дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, науқастарға қолдау көрсетуді көздедік. Атырау облысының спортшылары қай кезде де халықпен бірге болады. Қауіпті індетті бірлігіміздің нәтижесінде жеңе аламыз. Қазіргі уақытта науқастар саны азайып, емделушілердің көбі оттегі баллонын пайдаланбайтындықтан біз ауруханадағы жұмысымызды аяқтадық. Мұны жақсылықтың нышаны деп білеміз», - деді облыстық олимпиада резервін даярлау орталығының әдіскері Нұрлыбек Даралиев.

Ауруханалар дәрігерлеріне көмек көрсеткен спортшылардың бәрі бір апта бұрын коронавирус инфекциясына тест тапсырған. Тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Ал, облыстық аурухананың басшылығы спортшылардың атқарған жұмысына алғысын білдірді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда облыстық аурухана күрделі операцияларды жасауға дайындалып жатқанын жазып едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT