+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырауда мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды

2021 жылғы 4 тамыз 00:46
Бөлісіңіз:
Атырауда мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда карантин кезінде мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанға 47 халықаралық әуе рейсі келді Алматыда үй карантинін бұзған 412 адамға айыппұл салынды Алматылықтар барлық эпидқауіпсіздік шараларын сақтағаны дұрыс – Бақытжан Сағынтаев

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеу шараларын елемей, той өткізгендер әлі де тоқтамай тұр.

«Мәселен, Исатай ауданында 7 мобильді топ мүшелері әр түрлі іс-шара, той түріндегі басқосу өткізген 15 деректі тіркеді. Нақтысын айтқанда, «Лото клуб» кеңсесі мен 14 тұрғын үйінде той-думан өткізген. Ал, Қызылқоға ауданында 6 іс-шара мен 4 той өткені анықталды. Атырау қаласына таяу орналасқан Дамбы ауылдық округінде 1 тамызда сағат 19:00 шамасында «Адина» мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойы тарқатылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Карантин шектеу кезінде түрлі іс-шаралар мен той өткізгендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері карантин талабы 620 мәрте бұзылғанын жазған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT