Атырауда мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Серік Айсин Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Айсин 1972 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «инженер», «менеджер-экономист», 1999 жылы Академиялық құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын салық органдарында бастаған. Алматы, Ақмола, Атырау облыстарының салық комитетінде түрлі лауазымды атқарған. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті методология және бақылау департаментінде басқармаға жетекшілік еткен. 2019 жылдың маусымынан бері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық білім басқармасына жаңа басшы келген еді.



Соңғы жаңалықтар