Атырауда мектептер мен ауруханалар жылыту маусымына толық дайын - әкімдік

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының денсаулық сақтау және білім басқармалары жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат қңірлік коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен жылыту маусымына дайындықты пысықтаған селекторлық жиын өтті.

Бүгінде облыстық денсаулық сақтау және білім басқармалары алдағы жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы аталған басқарма басшылары мәлімдеді.

- Облыс көлемінде 147 медициналық ұйым бар, оның 41-і облыс орталығында, қалғандары аудандарда орналасқан. Олардың бәрі жылу беру маусымына толықтай дайын. Ал, екі нысанда, нақтырақ айтқанда Махамбет аудандық ауруханасы мен «Бірлік» дәрігерлік амбулаториясында жылу 10 қазан күні, барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ, жиын барысында 408 білім мекемесінің 405-і де жылыту маусымына толық дайын екендігі айтылды.

- Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты 5 нысан жылыту маусымына дайын емес. Дегенмен, жөндеу жұмыстары өз уақытында, білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарға сәйкес аяқталатын болады, - деді Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.


Соңғы жаңалықтар