+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Атырауда мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директор жазаланды

2021 жылғы 18 мамыр 16:48
Бөлісіңіз:
Атырауда мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директор жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мектеп мұғалімдерін кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан директор жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Абай-Верн: 35 қазақстандық магистрант пен докторант Францияда тегін оқи алады Ерлан Тұрғымбаев: Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады Қызылорда облысында тұңғыш рет «Серіктес директорлар» лигасы құрылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры педагогтерді кәсіптік міндетімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартты деген жазба тараған еді. Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған мектептің директорына тәртіптік шара қолданылған.

«Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әлеуметтік желідегі арызға қатысты тексеріс жүргізуде. Жағдай қатаң бақылауда болады», - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева.

Оның айтуынша, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда, мердігер мекемеге дұрыс атқарылмаған жұмыстарға қатысты кепілдік мерзімі кезеңінде қалпына келтіру туралы хат жолданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT