Атырауда медицина қызметкерлері марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда медицина қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметінше, 6575 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 479 дәрігер, 5 096 орта және кіші буын қызметкері бар.

Медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова құттықтады.

«Әлемдік пандемия кезінде «қызыл» аймақта жұмыс істеген дәрігерлердің, орта және кіші буын қызметкерлерінің жанқиярлығы мен батылдығына куә болдық. Ақ халатты жандар мыңдаған науқастың отбасымен қайта қауышуына, бақытты болашағына үміт сыйлады» - Бақытгүл Хаменова.

Кәсіби мерекеге орай 13 медицина қызметкеріне облыстық мәслихаттың, 18 медицина қызметкеріне облыс әкімінің, 12 адамға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты табысталды. Ал, 13 дәрігер мен медбике «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атанды. Сондай-ақ, 14 адам Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасын иеленсе, 8 «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар