Атырауда медицина қалдықтарын қоқыс тастайтын орынға өртеген компанияға іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қоқыс тастайтын орынға медициналық қалдықтарды өртегендерге қатысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстары барысында Атырау облысы Экология департаментінің өкілдері медициналық қалдықтардың арнайы орында емес, қоқыс тастайтын жерге өртелгендігін анықтады. Ережеге сәйкес, медициналық қалдықтар арнайы дайындалған жерде утилизациялануы керек. Тексеру жұмыстары барысында қалдықтарды «AG Disinfection services» ЖШС-ның өкілдері жаққаны анықталды»-деп хабарлады Экология департаментінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.

Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция департаментіне жолданды. Осы уақытта аталмыш жағдай бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Виктор Сутягин
Соңғы жаңалықтар