Атырауда медбике 28 жастағы науқастан коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқтарат –Атырауда 2 адам коронавирусты 28 жастағы тұрғыннан жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 34 жастағы медбике мен 21 жастағы науқас 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға жатқызылған 28 жастағы әйелмен байланыста болған. Қазір олар инфекциялық стационарда емделуде, олардың жағдайы тұрақты» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны ЖРВИ айқын белгілерімен облыстық аурухананаға жүгінген.

Одан алынған тест нәтижесінде Соvid-19 инфекциясы анықталып, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар оқшауланған.

Ал, медициналық мекеменің ғимараты дезинфекцияланған.


Соңғы жаңалықтар