Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Манарбек Ғабдуллин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Манарбек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын учаскелік инспектор болып бастаған. Одан кейін аға учаскелік инспектор, бөлімше инспекторы, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығының орынбасары және бөлім бастығы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, Орал ІІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

2006 жылдың қараша айынан БҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының (қазіргі әкімшілік полиция басқармасы) бастығы. 2013 жылдың сәуір айында Орал қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болған. 2016-2018 жылдары БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, 2018 жылдан бері осы тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы келген болатын.



Соңғы жаңалықтар