+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

2021 жылғы 31 шілде 10:56
Бөлісіңіз:
Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты мәселеге түсінік берді Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Қала аумағында тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтары шамадан тыс артып кеткен көлік құралдарының қозғалысы көбейіп кеткендігі жөнінде хабарламалардың жиі түсуде. Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасы Облыстық экология департаментіне ұсыныс жолдап, 2021 жылдың 28-29 шілде күндері бірлескен жұмыстар атқарды.

– Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері 20 дан астам көлік құралдарының қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нормаларына сәйкестігін тексерді. Тексеру кезінде 16 көлік құралының шығарындыларында ластаушы заттардың нормалары шамадан тыс екендігі анықталып, көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT