+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

2020 жылғы 27 мамыр 01:52
Бөлісіңіз:
Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаржы қалай жұмсалады Ресейлік дәрігерлер: Кетуге асықпаймыз, біз қазақстандықтарға көмекке келдік Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады – дәрігер түсіндірді

Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясымен күреске республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Шамамен осынша көлемдегі қаржы жергілікті бюджеттен де қаралды. Бұл қаражат мақсатты түрде жұмсалды», - деді облыс әкімі.

Әкімнің айтуынша, демеушілер, кәсіпкерлер сондай-ақ, кәсіпорындар мен компаниялар да көмек көрсеткен. Демеушілік қолдаудың нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдық, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек сатып алынған.

«Қонақ үйде жатып жұмыс істеген медицина қызметкерлері, карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орынның ақысы төленді. Уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды. Бастапқыда 180 инфекциялық орын жасақталса, қазір ол 540 орынға дейін көбейтілді. Сондай-ақ, 300-ден асатын провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды», - деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT