Атырауда коронавирусқа шалдыққандар 14 күн ем алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар 14 күн ем алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стандарттық емдеу хаттамаға сәйкес тағайындалған. Қазір лопиновир, ритонавир препараттары қолданылуда.

«Вирусқа қарсы бұл дәрі-дәрмекті күніне екі рет көктамырға егу арқылы ем жасайды. Індетті жұқтырғандар осы емді 14 күн алады» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150-ге жетті. Оның үшеуі - Атырау облысында тіркелген.


Соңғы жаңалықтар