Атырауда коронавирус жұқтырғандардың үшеуі Ыстанбұлдан ұшып келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 3-еуі «Ыстанбұл-Атырау» рейсімен ұшып келгендермен бір бортта болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл рейс 27 наурызда Атырау әуежайына қонған болатын. Сол күннен бері жолаушылардың барлығы карантиндік стационарға оқшауланды. Ал, 1958 жылы туған ер мен әйел, сондай-ақ, 1981 жылы туған ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды.

«Олар бекітілген бірегей хаттама бойынша ем алып жатыр. Үшеуінің де жағдайы бірқалыпты. Қазір Атырауда коронавирус инфекциясы анықталған 39 адам ем алып жатыр. Соның ішінде 2 науқастың жағдайы ауыр» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адамның анықталғаны жазылған еді.


Соңғы жаңалықтар