Атырауда коронавирус жұқтырған 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда коронавирус жұқтырған 16 науқас жансақтау бөлімінде ауыр халдегі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атыраудағы модульдік инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне 16 науқас түскен.

«Жансақтау бөліміндегі науқастардың арасында 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде жатыр. Олардың сегізі – 65 жасқа дейінгілер, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. Науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Барлық науқас денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауына алынды. Сондай-ақ күн сайын Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медицинаны үйлестіру орталығының, өзге де бейінді мамандардың консультациялары өткізіледі» -деді басқарманың баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар