Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру 9 процентке өскен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда той-садақаға барудың салдарынан коронавирус инфекциясы 9%-ке өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов мәлім етті.

Оның айтуынша, науқаспен жақын қарым-қатынаста болғаннан 22,5%, қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан 26,9%, вахталық кенттерде жұмыс істейтіндер арасында, тұратын жерінде жұқтыру 43% құраған.

«Жыл басынан бері 6546 рейдтік тексеру өткізіліп, 27296 нысан қамтылды. Мониторингтік топтар 213 құқық бұзушылықты анықтады. Ал, наурызда анықталған 64 бұзушылыққа қатысты шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға 3 млн 853 мың теңгенің 49 айыппұлы салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуынан коронавирус инфекциясы 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылады» - деді Мәдениет Танауов.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сақтық шараларын күшейтіп, бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Жағдайды қатаң бақылауда ұстау керек. Қажет болған жағдайда белгіленге алгоритмге сай сақтық шараларын күшейтуді тапсырамын. Әрине, өндірісті, шағын және орта бизнесті өркендету қажет. Алайда, адам денсаулығы басты орында екені басты назарда болғаны жөн» - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында наурызда 95 мың ПТР-тест жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар