Атырауда көпқабатты үйде кұлаған лифт: Қосымша деректер белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты үйдегі 15-қабаттан құлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «Ардагер» тұрғын үй кешенінде лифт кабинасы 15-қабаттан құлаған.

«Сол кезде «Лифт Инвест» ЖШС-ның екі қызметкері лифтіде жөндеу жүргізіп жатқаны анықталды. Оның бірі – 40 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал, екіншісі – 1987 жылғы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екеуі де – Алматы облысының тұрғындары» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында төтеншеліктердің 3 қызметкері мен 1 техникасы, полиция департаментінің 3 қызметкері, 1 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар