Атырауда көп балалы аналар марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында тұратын көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 7 ана «Алтын алқаға» және 45 ана «Күміс алқаға» ие болған.

Көп балалы аналарға алқаларды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген табыс етті.

Сондай-ақ, Алмалы, Қайршақты, Еркінқала, Ақсай, Кеңөзек ауылдық округтерінің әкімдері аталған елді мекендерде тұратын аналарды марапаттады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында наурыздан бері 12 мыңға жуық нәресте дүниеге келгенін хабарлап едік.




Соңғы жаңалықтар