+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Атырауда көп балалы 26 ана «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен  марапатталды

2019 жылғы 10 желтоқсан 17:48
Бөлісіңіз:
Атырауда көп балалы 26 ана «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен  марапатталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қазіргі таңда облыс орталығында төрт және одан да көп баласы бар 8 мыңға жуық әйел тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Атырау қаласы әкімдігінің кіші залында көп балалы 26 ана «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапатталды. Рәсімге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тіналиев қатысты. Құттықтау сөзінде ол аз қамтылған және көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. «Өткен жылы қалада екі мектеп және үш балабақша пайдалануға берілді, тағы жеті мектеп салынуда. Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана берілді, оқыту жүргізілуде, жеке кәсіп ашуға гранттар берілуде, жаңа жылдан бастап жәрдемақы мен АӘК жаңа форматта төленетін болады», - деді Ұлықбек Тіналиев. Әкім орынбасарының айтуынша, әлеуетті көмек алатын барлық көп балалы отбасылар жаңа жылдан бастап автоматты түрде жоғары төлемді жәрдемақы алады. Мысалы, егер отбасы төрт балаға шамамен 10 мың теңге алса, 2020 жылдан бастап жәрдемақы 42 500 теңгені құрайды. «Жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты болады. Қабылдаудың басты шарты - отбасының бір мекенжайы бойынша тіркелуі, сондықтан ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, үйде отырып барлық мәліметтерді электронды сандық қолтаңбаны пайдаланып e-gov порталынан көруге болады», - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары. Айта кетейік, бүгінде Атырауда және оның маңында 8 мыңға жуық көп балалы ана тіркелген. Олардың 4854-і - төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдер, 283 батыр ана, 1626-сы - «Күміс алқа» алқа иегерлері, 1090 әйел «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT