Атырауда көлікті мас күйде жүргізген үш ер, екі әйел жүргізуші анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полицейлері ішімдік ішіп көлік тізгіндеген 5 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат олыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

10 шілдеге қараған түні Атырау қаласы аумағында 5 жүргізуші мас күйінде анықталды. Олардың екеуі 22 және 38 жастағы әйелдер.

Сот медициналық сараптама жүргізушілердің ішімдік ішкенін растады.

«Ішімдік ішкен жүргізушілерге қатысты ҚР ƏҚБтК 608 бабы « Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы« бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал, 25 жастағы азаматтың бұған дейін жүргізуші құқынан айырылғаны анықталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

«Мұндай заң бұзушылар жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, 7 жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады.

Аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру 8 жылға дейін ұзартылады», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев. .

Атыраулық полицейлер осы күні, қалада карантин шектеу шараларын бұзғаны үшін 5 автокөлік жүргізушісін анықтап, оларға қатысты жинақталған құжаттарды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады.


Соңғы жаңалықтар