Атырауда көлікті куәліксіз басқарған жүргізушіге 90 мың теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында көлікті куәліксіз басқарған жүргізушіге 97 230 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Қызылқоға ауданының тұрғыны көлік құралын басқару құқығынан айрылған. Бірақ, соған қарамастан, оның Миялы ауылында көлікті куәліксіз жүргізгені анықталған.

«Құқық бұзған азаматқа қатысты Қызылқоға аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Көлік руліне куәліксіз отырған азамат сотта кінәсін мойындап, заңсыз әрекетіне өкінішін білдірді» -деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған 97 230 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар