Атырауда көлікке құятын газ тапшылығы туындады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көлікке құятын сұйытылған газ тапшылығы туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жедел кеңес өткізіп, автокөліктерге қажет сұйытылған газ тапшылығының туындауына жауапты тұлғалардың салғырттығы мен шабандығын қатаң сынға алды.
«Жауапты басқарма басшылары мәселені дер кезінде шешпей, ушығуына жол беріп отыр. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен салалық Энергетика министрлігімен тығыз байланыс жасап, мәселені созбай реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осы олқылыққа тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады» - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысы басшысының орынбасары Данияр Мұқышевтың мәліметінше, Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпанда наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған газ беру туралы кесте жіберілген. Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тиісті сұйытылған газды бере алмаған.
Қазір өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста сұйытылған газмен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сұйытылған газ тапшылығы реттелгенге дейін мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.
- «Нұр-Сұлтан – Теміртау» трассасын су басты
- 2025 жылға қарай мұнай-газ химиясының өндірісі 2 млн тоннаға жетеді – Скляр
- Ақтөбеде таксист оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті
- Жыл басынан бері СҚО жолдарында 50 адам зардап шекті
-
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
-
Шетелден 21 қазақстандық ПТР анықтамасыз ұшып келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам