Атырауда көлік жүргізген жасөспірім ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шетелде тіркелген көлікті жүргізген 16 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 23 қарашада сағат 23:44-те жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына күдік тудырған көлік түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасы патурльдік полиция взводының қызметкерлері Азаттық - Ж.Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2114» көлігін тоқттатты. Тексеру кезінде көліктің шетелде тіркеуде тұрғаны анықталды. Көлікті кәмелетке толмаған 16 жасар жасөспірімнің басқарғаны белгілі болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізу құқығы болмаған 2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігімен және 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда түнімен көше кезген 23 жасөспірім анықталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар