Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлігінің алды мен артына екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласында патрульдік полицейлер «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Ресей Федерациясында тіркелген жеңіл көліктің алдыңғы жағына тағылған мемлекеттік белгінің әріптік символдары өзгертілгені анықталды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір 38 жастағы жүргізушінің әрекетінен қылмыс белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырауда екі елдің азаматтығы бар әйелге 500 мың теңге айыппұл салынғанын болатын.



Соңғы жаңалықтар