Атырауда көктайғақ болып, қатты жел соғады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар департаменті Атырау облысының тұрғындарына көктайғақ болып, қатты жел тұруы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады. «Облысқа циклон келе жатыр. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Аяз тұрып, екінді жел соғады», - делінген мәліметте.

Апта бойы күндізгі ауа температурасы -8°C пен +2°C аралығында болады. Ал түнде -14°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Кей аудандарда көктайғақ болжанады.

Сондай-ақ ТЖД автомобиль жүргізушілеріне қысқы шиналарға уақытылы ауысу қажеттігін ескертті.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар