Атырауда қазба жұмысына 10 млн теңге бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында қазба жұмысын жүргізу үшін 10 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық орталығы директорының орынбасары Жанар Жұмажанқызының айтуынша, қазба жұмысын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алу көзделіп отыр. Қазба жұмысы жазда басталады.

«Облыс әкімімен қазба жұмысының құжаты бекітілді. Енді тиісті басқармаларға жүктеледі», - деді ол «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының Атырау облысында іске асырылуы» туралы өткен брифингте.


Соңғы жаңалықтар