Атырауда қайырымдылық орталығы азық-түлік пен медициналық масканы тегін таратты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қайырымдылық орталығы азық-түлік пен медициналық масканы тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қайырымдылық орталығын «Ықыласты бауырлар» деп атадық. Өйткені, мұқтаж адамдарға қайырымдылықты әркім өз ықыласымен жасауы тиіс. Біздің де мақсатымыз – қазіргідей уақытша қиындық туындаған шақта бауырларымызға көмек қолын созу», - дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Атырау облысындағы өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Оның айтуынша, орталықтың жұмысы екі бағытты қамтиды. Біріншіден, көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға, жетім, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пакетін тарату. Екіншіден, азаматтардың орталыққа тапсырған киімдерін химиялық тазалаудан өткізіп, мұқтаж отбасыларға беру.

Орталықты ұйымдастырушылар алғашқы күні 20 отбасыға азық-түлік пакетін таратты. Сондай-ақ, мешіт жанынан тігілген 200 медициналық маска тұрғындарға тегін үлестірілді.

Соңғы жаңалықтар